Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Кейбір әйел феминист деген сөздің мағынасын ұқпайды" - Ләйлә Сұлтанқызы

"Феминизмге, әйел құқығының тең болуына, көзі ашық, білімді болуына, саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайының жақсаруына қарсы тұратын қыз-келіншектің көп екені таңқалдырды", - дейді ол.

"Кейбір әйел феминист деген сөздің мағынасын ұқпайды" - Ләйлә Сұлтанқызы
фото: ашық дереккөз

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан феминизм тақырыбына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, көпшілік феминист дегеннің мағынасын дұрыс түсінбей жатыр екен, деп жазды paryz.kz.

"Бүгіннен бастап Ауғанстанда 12 жастан асқан қыздарға қоғамдық іс-шараларда ән айтуға тыйым салынды. Құдай сақтасын, біз Ауғанстан емеспіз деп отырған шығарсыз. Кейбір пікірлерді көрдім, феминист деген сөздің мағынасын ұқпайды, түсінгісі де жоқ. Феминизмге, әйел құқығының тең болуына, көзі ашық, білімді болуына, саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайының жақсаруына қарсы тұратын қыз-келіншектің көп екені таңқалдырды. Сонда сіз қызыңыздың оқыған-тоқығанын, ел-жер көргенін (шамадан тыс еркіндік туралы айтып тұрғам жоқ), өз құқығын білгенін қаламағаныңыз ба?" - деп "жұлқынып" отыр ол.

Ләйлә Сұлтанқызының бұл жазбасы бірден талқыға түсіп, оқырмандарының пікірін екіге жарды. Ал тележүргізушінің өзі оларды сабырға шақыруға тырысып әлек.