28.02.2024, 21:12

«Денсаулық керек екен». Әбунасыр Серіков қандай ауруға шалдыққанын айтты

фото: Massaget

Танымал актер, "Нысана" театрының негізін қалаған Әбунасыр Серіков қандай ауруға шалдыққанын айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Қанша киноға продюсерлер шақырды. Мен бара алмадым, емделдім. Ең алдымен денсаулық керек екен. Қазір жарық (грыжа - еск.) мен қант диабетін емдетіп жатырмын. Бәрі Алланың қолында, бұйырса жазыламыз", - деді актер.