«Қарындасыңа осылай жазса қалай қарайсың?». Нұрлан Еспановтың ұлы желіні шулатты

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды Paryz.kz Sn сайтына сілтеме жасап. 

«Қарындасыңа осылай жазса қалай қарайсың?». Нұрлан Еспановтың ұлы желіні шулатты
Коллаж: sn.kz

Оның бейәдеп әңгімесі әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Онда ол жыныстық қарым-қатынасқа үгіттеген сөздер жазған. Осыдан кейін Олжас Еспановтың парақшасы бұғатталған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі «Қателеспейтін адам жоқ, періште емес қой», «Әлі жас, ақыл тоқтатсын» деп қолдау білдіріп жатса, енді бірі «Атың шықпаса, жер өрте», «Қарындастарыңа осылай жазса қалай қарайсың?» деп сөге жөнелді.

Еске сала кетейік, Олжас Еспанов өзінің басынан өткерген оқиғасын басшылыққа ала отырып, «Ол – жас махаббат» атты кітабын оқырманға ұсынған еді.