Не сатпадым мен?! Кішкентай кезімнен бастап бизнеспен айналыстым. Еңбек, Аллаға шүкір, ақталып жатыр. Әрине, оның бәрі керемет өмірден емес қой. Ақша табу керек болды. Өзім де бір орында отырмайтын адаммын ғой. Көк базарда қауын сатып алатынмын. Бір қауынды 50 теңгеден алып, үстінен ақша қосып саттым, дейді ол.
Актриса бұл кәсіппен 6-7 сынып оқушысы болған кезде айналысқанын айтты. Бұдан бөлек тамақ сатқанын да, даяшы болғанын және казинода жұмыс істегенін де жасырмай бөлісті.