06.11.2023, 12:41

Актер Қобыланды Болаттың өнеріне сын айтылды

Фото: видеодан скриншот

Театр және кино актері Қобыланды Болат «Мәртебелі өнер» бағдарламасында монолог оқып, өнердегі ағаларынан сын естіді. 

«Шәмшінің монологын» оқыған Қобыланды Болаттың бұл өнері қазылар алқасының мүшесі, тәжірибелі актер Асқар Наймантаевтың көңілінен шыққан жоқ.  - Актерлік шеберлік бойынша сынайтын болсам, маған ұнаған жоқ. Мүмкін жақсы шығар, бірақ мен тек сөйлеген актерді ғана көрдім, - деп бөлісті ол. 

Оның пікіріне түркиялық продюсер, режиссер Жиһан Жан да қосылды:  

- Қобыланды монологтың басын сәл баяу бастады, кейінірек ойын барысында ашылды. Бірақ сахнада қолын қалтасына салып, ұзақ тұрып қалатын сәттері көп болғандай. Алайда болашағы жарқын актер деп білемін.