17.01.2023, 10:15

Әнші Raim Ерке Есмаханмен кездесіп жүргенін әлеуметтік желіде мойындады

фото: ©instagram.com/raimusican

Raim лақап атымен танымал Райымбек Бақтыгереев өзінің Instagram-дағы парақшасына сүйіктісі Ерке Есмаханмен бірге түскен суретін жариялады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Осылайша, жұлдызды жұптың кездесіп жүргені әшкере болды. Десе де өнер иелері ара қатынастарына қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Айта кетейік, Ерке Есмахан сүйіктісімен Италияға саяхат жасап, жақында елге оралған болатын.