12.11.2022, 10:58

«Көлік 100 метрлік шыңнан құлады»: белгілі әнші көз жұмды

Фото: nazarnews.org

Белгілі қырғызстандық әнші Бекжан Темірхан жол апатынан көз жұмды, деп хабарлады paryz.kz Sputnik Қырғызстан.

Жол апаты 11 қарашаға қараған түні сағат 22:30-да Бішкек — Нарын — Торугарт автожолында болды. Әнші отырған көлік аударылып, биіктігі 100 метрлік шыңнан құлады.

Mercedes-Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол апатынан жарақаттанып,ауруханаға жеткізілді. Көлікте болған әнші көз жұмды.

Жақында үйленген әнші 26 жаста болған. Оның репертуарындағы «Эзилип бүттүм», «Кантем», «Шекерим», «Эрке», «Мадам», «Таптым», «Карлыгачым» әндері халық арасында жиі шырқалады.