Мақпал Исабекованың күйеуі перзентханадан шығару сәтіне гүлсіз келген

Жалға алынған лимузин, 101 раушан гүлі, әнші-жыршылар мен толассыз қонақтар. Әдетте әншілердің перзентханадан шығу сәті той-думанға ұласады. Тек Мақпал Исабековада емес. Жуырда тұңғышын босанған әнші сәбиімен үйіне оралды. Тек осынау салтанатты күнді Исабекова қарапайым түрде өткізген, деп жазады Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мақпал Исабекованың күйеуі перзентханадан шығару сәтіне гүлсіз келген
ашық дерек көздерінен

Көпшіліктің назарына шыққанды ұнатпайтын Мақпалдың жолдасы бұл күні тіпті, гүл алып әуреленбеген. Бұл туралы әнші:

"Біз үйдеміз, Альхамдулиллах. Салтанатты шарасыз, гүлсіз, шарсыз, естелікке қалатын суретсіз. Жай ғана үшеуміз үйге келдік. Өзіміз солай қаладық. Достарымыз бізді түсінеді деп үміттенемін", - деп пікір білдірді.