"Оны қатігез адам деп есептеймін": Баян Алагөзова кіші қызы өзін қалай "тәрбиелейтінін" айтты

Баян Алагөзованың екінші қызы Айару Бақытбек қазіргі уақытта АҚШ-та білім алуда. 17 жастағы бойжеткен білім алып қана қоймай, аз уақыттың ішінде Американың бірнеше штатын аралап үлгерген. Бұл жайт танымал продюсердің жүйкесіне салмақ түсіреді. Өйткені мұхиттың арғы жағына оқуға кеткен қызы анасының айтқанына көне қоймайды, оны өздігінше "тәрбиелейді". Бұл туралы Баян Мақсатқызы Harpers Bazaar басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Оны қатігез адам деп есептеймін": Баян Алагөзова кіші қызы өзін қалай "тәрбиелейтінін" айтты
ашық дерек көздерінен

Мақсатқызының тұңғыш қызы Айсәуле де бір кездері Америкада тұрып келді. Алайда жанында жігіті болғандықтан, анасы ол үшін аса алаңдамаған.

"Айсәуле ол жаққа Әлішермен бірге (Айсәуленің қазіргі жұбайы), ал Айару жалғыз кеткендіктен ол үшін көбірек уайымдаймын. Егер Айсәуле де жалғыз кетсе, ол кезде де абыржитын едім. Қанша жерден "жібер, әлемге сен" дейтін психологиялық кітаптарды оқысам да, өзімді тәрбиелеуге тырыссам да, сүйікті 17 жастағы баласын кіндігінен енді айырған ана сияқтымын. Бірақ мен бұл қадамды жасадым және оны жібердім".

Айтуынша, Айару сахаттағанды ұнатады. Ол жарты жылдың ішінде Американың 5 штатын аралап үлгерген. Бұл жайт Мақсатқызының жүйкесіне салмақ түсіруде. Себебі: 

"Оның алғашқы екі сапары маған ауыр тиді. Түсінесіз бе, адам рөлге отырып, 600 шақырым жер жүріп кетті. Немесе ұшаққа отырып, алты сағаттық жерге ұшып кетті. Мұндай мәселеге келгенде мен сау ана емеспін. Мұндай жағдайды байыппен қабылдайтын аналарды білемін. Ал өзім бұл жағдайды ұзақ өткердім. Қолымнан келер емес. Қазірдің өзінде ол қалада жүр. Мен оған күніне бірнеше рет хабарласамын. Ал ол мені қалай тәрбиелейді, білесіздер ме? Жай ғана тұтқаны көтермейді. Мен алаңдай бастаймын. Ол тұтқасын көтермейді, WhatsApp-қа жауап бермейді. 5-6 сағаттан кейін үрейім қашып, бесінші, оныншы адам арқылы оны іздей бастаймын." 

Ал ол: "Ана, сен енді осыған үйрен. Мен ересек адаммын, өзіме өзім жауап беремін. Мен сені солай тәрбиелеймін", - дейді. Мен оны қатігез адам деп есептеймін. Мысалы, Айсәуле ондай емес. Мен оған бірдеңе айтсам, ол бұлжытпай орындайды. Ал Айару мүлдем басқа адам. Ол өзіне қалай ыңғайлы, солай жасайды", - дейді Баян Мақсатқызы.