"Аңқау елге — арамза молда": "Супермамасита" оқырмандарына оқылған жіп сатуда

"Супермамасита" атымен танымал блогер Әлия Байтұғаева күні кеше желі оқырмандарымен кездесті.Сол кездесуде ол қыз-келіншектерге қызыл жіп сатты, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Аңқау елге — арамза молда": "Супермамасита" оқырмандарына оқылған жіп сатуда
Сурет: ашық дереккөз

Видеоны Супермамаситаның өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбада танымал блогер келіншектердің білектеріне қып-қызыл жіп тағып жатыр. Әлия оны ақшаға сатқан. Өзінің айтуынша, ол жіптерді киелі орындарға барып оқытып қайтқан.

Мен бұл жіпке қаншама күш-қуатымды сарп еттім. Жіпті таққан адамның арманы орындалсын деп оны Дубай, Ташкент және еліміздің мешіттеріне барып, дұға оқыттым,

— дейді Супермамасита.

Видеоны көрген желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынай жөнелді.

"Шетінен алаяқтар, ақша табудың жолы". "Осы супермамасита түк көрмеген... Жалмаң-жалмаң етіп қалған", "Ақымақ кызыл жiп адамды байытса неге еңбектеніп жүрміз", "Аңқау елге — арамза молда",

— деп жазды желі қолданушылары.