"Жылағым келіп отыр": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм ағасының аманатын орындады

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасының туған күнінде оған ерекше сый тарту етті. Ақпарат өкілі анасын Меккеге кіші қажылыққа жіберіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жылағым келіп отыр": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм ағасының аманатын орындады
Сурет: ашық дереккөз

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында анасымен видеомен сөйлесіп жатқан сәтін бөлісті. Әңгіме барысында ол анасынан сапарға дайындық қалай екенін сұрады. Тележүргізушінің сөзінше, анасын Меккеге жіберу марқұм ағасының өзіне сеніп тапсырған аманаты.

"Жылағым келіп отыр. 20-сы анашымның туған күні, балалары немерелері қазір кіші қажылыққа шығарып салып жатыр. Бұл марқұм ағамның өзіме тапсырған үлкен арманы мен аманаты еді. Қасиетті жерді тағы бір көрсем деген анамның арманының орындалғаны мен үшін үлкен бақыт. Құдай аналарды жылатпасын, балам үшін деп шырылдаған жүрегін ауыртпасын. Барлық дұға тілектері қабыл болсын. Ол жаққа баруды баршаларыңызға нәсіп етсін", - деп жазды ол.