"Мал армансыз кеткен шығар": Айнұр Тұрсынбаева тағы бір қырымен танылды (ВИДЕО)

Айтыскер ақын, танымал блогер Айнұр Тұрсынбаева тағы бір қырымен танылды. Ол тек қана әдемі сөйлеудің емес, қарын тазалаудың да шебері екен. Ақын ішек-қарын тазалаудан жарыс болса, жеңіске сөзсіз жетеріне сенімді, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Мал армансыз кеткен шығар": Айнұр Тұрсынбаева тағы бір қырымен танылды (ВИДЕО)
Сурет: Exk.kz

Қойдың ішек-қарнын тазартып отырған видеосын Айнұр өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол бұл іске жастайынан машықтанғанын, қарын тазалаудың бірнеше түрін меңгергенін айтады.

"Сіздер мені айтыстан 33 көлік мінген чемпион деп білесіздер ғой, егер ішек-қарын тазалаудан жарыс болса 100 көлік ұтатын едім. Қарынды аппақ қылып тазалаудың бірнеше түрін білетінмін. Сонда 10-11 жаста екенмін ғой ойлап отырсам. Тіпті тәтем 2-3 қойдың ішек-қарнын маған әкеліп тастап, алаңсыз жұмыстарымен кете беретін. Рахаттанып тұрып тазалап, тіпті қуырдақ қуырып қоятын едім. Мен әлі күнге дейін ішек-қарынның иісін жақсы көремін. Қайта-қайта иіскегім келеді", — деді Тұрсынбаева.

Айнұрдың бұл әрекетіне ырза болып, желіде түрлі пікір қалдырғандар көп.

"Ішек-қарын тазалаған жақсы-ау. Бірақ суды анандай қылып ысырап етуге болмайды", "Ана малды айтам армансыз кеткен шыгар. Сама Айнур Турсынбаева ишектерин тазалап жатыр", "Айнұр әпке, сізді ішек-қарын тазалайды деп мүлде ойламаппын", "Қарын тазалап отырып, қызыма бір жағын ұста десем, 9 жас қызым ұшынып, жақындағысы келмей, кейін маска тағып отырды ғой", — деп жазды желі қолданушылары.