"Аллаға шүкір": Қайрат пен Жұлдыз қайта қосылды ма? (ВИДЕО)

Інісінің тойында ағасы Қайрат пен  жеңгесі Жұлдыздың билеген билері елді тәнті етті, деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Аллаға шүкір": Қайрат пен Жұлдыз қайта қосылды ма? (ВИДЕО)

Белгілі гитарист Ақсұңқар "Тикток" әлеуметтік желісіне Қайрат пен Жұлдыздың құшақтасып билеген билерін салып "Көздерім қуанып тұр",- деп жазба жариялап, видео жүктеді.

Мұны көрген ТикТок қолданушылары бақыттан кейбірі жылап алғанын жасырмады.

"Аллаға шүкір, өзім татудасқандай болып жылап алдым","Бәсе енді Қайрекеңе рең кірді","Ма Ша Алла","Бақытты болыңдар алтындар",- деген тілектерді оқырмандар тоқтаусыз жазды.