"Айырылыспаңыздаршы”: Жұлдызға 101 розамен келген Қайрат Нұртас елді жылатты

Соңғы уақытта елдің аузында жүрген жұлдызды жұп Қайрат Нұртас келіншегіне сахнада 101 роза сыйлап елді таңқалдырды, деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап. 

"Айырылыспаңыздаршы”: Жұлдызға 101 розамен келген Қайрат Нұртас елді жылатты
Сурет: Altyn-orda.kz

Түркістан қаласында өткен “Махаббат мұнарасы” қойылымында күтпеген жерден Қайрат Нұртас сахнаға шығып әйеліне 101 роза сыйлады.

Жұлдыз Абдукаримова: “Қолдап келгеніңе рахмет”, – деп әлеуметтік желіде “stories” бөлімінде жазба қалдырды. 
Мұны көрген залдағы көрермендер тоқтамай шапалақ соқты.

Оқырмандар: “Қандай керемет сыйлық”,”Бақытты болыңыздаршы”,”Көзіме еріксіз жас келді”,”Мықты”,”Айырылыспаңыздаршы”,”Жылап алдым ғой”, Жарасымды жұп”, “Жарастыңыздар ма?”,”Қуаныштымын”,- деп пікірлерді оқша боратты.