"Көмекші бола аламын": Динара Сәтжан Әсем Нұрсейітованы босандырып алды

Танымал дизайнер, блогер Әсем Нұрсейітова қызды болды. Қуанышты хабарды Әсемнің қайын әпкесі Динара Сәтжан жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Көмекші бола аламын": Динара Сәтжан Әсем Нұрсейітованы босандырып алды
Сурет: Instagram @dinarasatzhan

"Қазақ еліне +1 Сәтжан. Кеше сағат 23.13-те біздің Әсем Нұрсейітова қыз босанды. 

Босану – ғажап процес, дүниеге жаңа жанның келгеніне куә боласың. Қазақстанның жаңа азаматы", –  деп жазды Сәтжан желідегі парақшасында. 

Әсем Нұрсейітова – Динара Сәтжанның келіні. Динара маңызды сәтте Әсемнің жанынан табылған. 

"Мен босану кезінде көмекші болып жұмыс істей алатынымды түсіндім. Позитивті атмосфера ұйымдастырамын деп уәде беремін. Белге массаж жасап, шай, кофе әзірлеймін. 

Ал егер шынына келсек, жақын адамыңмен бірге босануды заңмен бекіту керек деп ойлаймын. Мұндай сәтте қолдау өте маңызды. Бала туу өте ауыр. Бірақ бірнеше минуттан кейін-ақ әйел ол ауырлықты ұмытады", – дейді Динара Сәтжан.