"Ұқсау қиын": Ерке Есмахан Бибігүл Төлегенованың образында сахнаға шықты

Ерке Есмахан қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың образында өнер көрсетіп, елді таңғалдырды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Ұқсау қиын": Ерке Есмахан Бибігүл Төлегенованың образында сахнаға шықты

Ол аңыз әртісті айнытпай салуға барынша тырысқан.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында Бибігүл Төлегенованың кейпінде ән салып жатқан сәтінен видео жариялады. Онда қазақтың ұлттық киіміндегі әртістің сахнада өнер көрсетіп жатқанын көруге болады. Әнші қалай бояндырса да, дауысын салуға тырысса да, Төлегеноваға ұқсау қиын екенін мойындады.

"Болмасаң да, ұқсап бақ” дегендей, дауысыммен де, қанша грим жасаса да, келбетімен де сұлу, бұлбұл әнші Бибігүл Төлегеноваға ұқсау қиын! Бірақ, бір жобада бақ сынап көрген болатынмын! Көктем, достар, көктем. Қабыл алыңыздар! Тіршілік жаңаратын Наурыз мерекесі құтты болсын. Өмірлеріңіздің жақсы жаққа өзгеруін тілеймін. Дендеріңіз сау болсын. Жарығымыз ұзақ, пейіліміз түзу, көңіліміз кең, еліміз аман болсын. Елімізден береке кетпесін", - деп жазды ол. Желі қолданушылары Еркенің образына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оны Бибігүл Төлегеноваға ұқсайтынын жазса, енді бірі олардың өзара мүлдем ұқсамайтынын айтты.