“Есі дұрыс емес" - Айдана Меденова өзіне ерсі сұрақ қойған оқырманына жауап берді

Айдана Меденова өзінің жеке өміріне қатысты ерсі сұрақ қойған оқырманына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

“Есі дұрыс емес" - Айдана Меденова өзіне ерсі сұрақ қойған оқырманына жауап берді
Сурет: ашық дереккөз

Әнші желідегі оқырмандарымен ашық сөйлесті. Желі қолданушылары түрлі сауал жолдап, өзін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Алайда әншінің жеке өміріне қатысты ерсі сұрақтар қойғандар да бар. 

“Күйеуіңіз сіз кездескен ең алғашқа ер азамат па?” деп сұрады желі қолданушысы.

“Есі дұрыс емес. Сізді сондай сұрақтар мазалай ма? Тағы да осындай оқырмандар бар ма? Желідегі оқырмандарымнан дұрыс сұрақ қоюын сұраймын”, – деп жазды әнші. 

Меденова 17 жасынан бастап жұмыс істегенін, ал бүгінгі жетістігі сәттілік емес, еңбектің нәтижесі екенін айтты. 

“Өзіме қатыстының бәрін өзім шештім. Мен үшін ешкім ештеңе жасамайтынын, тек өзіме ғана сене алатынымды түсіндім. Ойымды, санамды өзгертпесем, өмірімде ештеңе өзгермейді. Жұмысқа 17 жасымда кірістім. Алдымен сыртқы келбетімнен бастадым, өзіме ұнау үшін 10-12 кг арықтадым. Білім грантын сақтап қалу үшін бар күшімді салдым. Нақты мақсаттар қойып, соған жету үшін аянбай еңбек еттім. Егер сіз отырып алып тек армандасаңыз, бірақ әрекет етпесеңіз, ештеңе іске аспайды. Менің өмірлік ұстанымым - қазір өзіңізге ұнайтын нәрсені жасау”, – деп жазды Меденова.