"Жас әншілерді қолдауға дайынмын": Роза Рымбаева Иманбекпен бірге ән шығарды

Белгілі әнші Роза Рымбаева Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, Иманбек екеуі шығарған ремиксті жұрт назарына ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жас әншілерді қолдауға дайынмын": Роза Рымбаева Иманбекпен бірге ән шығарды

Роза Рымбаева Иманбекпен ынтымақтастық орнатқаны туралы айтты:

"Сіздер үшін жақсы жаңалығым бар. Кім не десе де, мен еліміздің эстрадасында болып жатқан өзгерістерге үлкен мақтанышпен қарап, әрқашанда жас әншілерді, музыканттарды қолдауға дайынмын. Біз Иманбек екеуміз бірігіп, "Наурыз-думан" әнінің ремиксін халықтың назарына ұсындық. Меніңше серіктестігіміз сәтті шықты. Сіздерге де ұнайды деген сенімдемін!", - деп жазды Рымбаева.

Ол адамдарды осындай тынышсыз заманда бір-біріне қамқор болуға, мейірімділік көрсетіп, өкпе-реніштерге жол бермеуге шақырды және "Береке көзі – бірлікте" екенін еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева сұхбаттарының бірінде Иманбек туралы пікір білдіріп, “Грэмми” сыйлығын алуын "қарапайым сәттілік" деп бағалаған еді.