«Ауылда тудым» - Ерке Есмахан өзінің образы жайлы айтты

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан қарапайымдылық деген ұғымды қалай түсінетінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Ауылда тудым» - Ерке Есмахан өзінің образы жайлы айтты
Сурет: ашық дереккөз

 Өнер иесі бүгінгі қоғамда қарапайым болсаң, көбісі басыңа шығып кететінін ескертті.

Ерке Есмахан қарапайымдылыққа қатысты өз көзқарасын Instagram парақшасында айтты. Әнші өзі де қарапайым отбасыдан шыққанымен, кейін образы үшін өзгергенін жасырмады.

"Мен қарапайым жанұяда, ауылда дүниеге келіп бойжеткенмін. Кейін образ деген пайда болды. Қазіргі заманда қатты қарапайым болсаң, адамдар оны бағаламай, басыңа шығып кететін сәттер болады. Сондықтан қарапайымдылық та орнымен болу керек деп түсінемін", - деп жазды ол.

Айта кетерлігі, Ерке Есмахан бүгінде Дубай қаласына демалуға ұшып кетті. Алайда, эстрада жұлдызы ыстық мекенге кіммен бірге барғанын айтудан бас тартты.