«Маған қысым көрсетілді» - Баян Мақсатқызы жолдасының бизнесіне қатысты мәлімдеме жасады

Баян Мақсатқызы жолдасының бизнесін кім тартып алғандығын айтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Маған қысым көрсетілді» - Баян Мақсатқызы жолдасының бизнесіне қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөз

Белгілі продюссер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде мәлемдеме жасады. Өзінің жариялымында шындықты айтып, атышулы есімдерді жасырмай жария ететінін хабарлады. 

"YouTube арналарының біріндегі шулы жарияланым көптеген сұрақтар туғызды. Маған қысым көрсетілгендіктен, көп уақыт бойы үнсіздік таныттым. Шындықты айтуға мүмкіндігім болмады. 

Жақында мен күйеуімнің кәсібін қалай тартып алғаны туралы бар шындықты айтамын және әділ тергеу болатынына үміттенемін", - деп жазды Баян Мақсатқызы.

Әлеуметтік желідегі оқырмандары оны қолдап, жалғасын асыға күтетін жазды.