Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне тоқал алғысы келеді

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін мәлімдеді. Айтуынша, мұндай қадамға қазақтың санын көбейту үшін барып отыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне тоқал алғысы келеді
Сурет: ашық дереккөз

Актрисаның айтуынша, соңғы кездері оның таныстарының арасында бақиға аттанған адамдар көбейген. Бұл жайт Дүйсенбиеваны терең ойға батырып, тіпті, өмірге деген көзқарасын өзгерткен. 

"Соңғы екі күн ұйқы жоқ. Өткен күндері мүлдем ұйықтаған жоқпыз. Бала-шағамызбен таңғы 7-ге дейін бақырайып жаттық. Таң намазын оқып болып, сабама түсіп барып ұйықтап жүрдім. Көзіміз жұмылып кетсе, біреу атып кететін сияқты. Көп нәрсеге көзқарас өзгерді", - дейді Дүйсенбиева. 

Осы ретте 8 жыл отасқан күйеуінің қатты сырқаттанып қалуы актрисаның ойын сан-саққа жүгірткен. Бір қыз тәрбиелеп отырған Дүйсенбиева "жолдасыма ұрпақ сыйлап үлгермесем ше" деген ойдың "түбіне" түсіп кеткенін жеткізді. 

"Екі күн ауырды. Күйеуіме: "Жазылғаннан кейін сен тоқал алшы", - деп айттым. Бізде бір ғана қыз. Жасыратын ештеңесі жоқ. Жасым 40-тан асты, беретін де, алатын да бір Алла. Ертең ұрпақсыз қалып кетсе, бір өзім жаныма байлап алып деп қатты уайымдадым. Күйеуіме айтсам, ол да "жоқ" демеді. Ойланып қалды. Қалай болады деп түбімен ойлап кеттім. 

О бастан қарсы болған адам емеспін. Тек қана маған болу керек, менімен өмір сүру керек дегеннен аулақпын. Әркім өзі біледі ғой. Менің сөзіме көп әйелдер ренжуі мүмкін. Бірақ түбін ойлайтын болса, барлық әйел келіседі ғой", - дейді Дүйсенбиева.

Актриса қазақтың санын көбейту үшін екінші әйелге қарсы еместігін жеткізді. 

"Жақсы азаматтан жақсы ұрпақ қалу керек деген ниет қана", - деді ол. 
Сондай-ақ, Жұлдызай мұндай байламға оқушы кезінде келіп қойғанын атап өтті. 

"Баяғыда мектепте жүргенде Толымбек Әлімбекұлы теледидардан әзіл айтып жатыр: "Әйел баласы бір жылда 12 күйеуге тисе де, бір ғана баланы дүниеге әкеледі. Ал ер азамат бір жылда 12 рет үйленсе, 12 бала дүниеге келеді, дейді. Сол кезде әйел мен еркектің ешқашан теңесе алмайтынын түсінгенмін", - дейді Дүйсенбиева.