21.02.2022, 09:29

«Тас жүректі » Әуелбекова жеке өмірі жайлы сыр бөлісті

Сурет: Stan.kz

Екінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты сыр шертті. Әнші жүрегінің тас болып қалғанын айтып, енді тұрмысқа шығу мүмкіндігін жоққа шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Әуелбекова жуырда жол апатына түсіп қалғанын айтты. Әншінің айтуынша, апаттан кейін бұрынғы күйеуі өзі сыйлаған көлікті тартып алған. Ол аздай, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен. Әуелбекова экс-жарынан көңілі қатты қалғанын айтқан еді. Бұл жолы әнші көпшілікке сырын ақтарды. 

"Енді ерімейтіндей сіздің жүрек қола не тастан емес қой?" - деген Instagram оқыранының сауалына: 

"Дәл қазір қола, әрі тас. Сол қоланы ерітетін, тасты жібітетін жігіттің барына сенімсізбін", - деп жауап берді. 

Әйткенмен әнші әлі де біреуге ғашық болу мүмкіндігін жоққа шығармады.

"Енді ессіз ғашық болмаймын демедім", - деді Мөлдір.