Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мөлдір Әуелбекованың экс-күйеуі сыйлағанын қайтып алды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова басынан өткен жайсыз жағдай туралы айтып берді,  деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Мөлдір Әуелбекованың экс-күйеуі сыйлағанын қайтып алды
Сурет: Adyrna.kz

Өнер иесі жол апатына түсіп, артынша көлігінен айырылып қалған. Айтуынша, темір тұлпарды сыйлаған адам оны қайтарып алып, кейін әншіден бес миллион теңге талап еткен.

Мөлдір Әуелбекова Instagram желісінде оқырмандарына басынан өткен жағдайды баяндап, жан сырын ақтарды. Әртіс бұрынғы жолдасы одан өзі сыйлаған автокөлікті тартып алғанын мәлім етті. Эстрада жұлдызының сөзінше, экс-күйеуі жол апатына түскен темір тұлпарды жөндету үшін одан бес миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.

"Мен айдаған "Bentley" бар емес пе еді? Сомен жол апатына түсіп қалдым. Алла сақтап, дін аманбыз. Бұл көлікті маған сыйлаған еді. Енді осы жол апаты үшін сол сыйлаған адам алып қойып, оның үстіне бамперін жөндетуге 5 млн теңге ақша талап етіп отыр. Масқара! Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы деген осы екен", - деп жазды ол.

Әуелбекова тұспалдап айтып отырған кісі өзінің бұрынғы күйеуі екенін мойындады. "Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап" деген ұғым тағы бір дәлелденді. Бала-шағам аман болсын. Қалғанын өзім жасап жүрмін, жасаймын да! Алла күнімізді біреуге қаратпасын!", - деді Әуелбекова.