Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Келіндерімнің көмекшілері бар": Қайрат Нұртастың анасы мақтанып қойды

Сондай-ақ ол келіндерінің ешқайсысымен бірге тұрмайтынын жеткізген. 

"Келіндерімнің көмекшілері бар": Қайрат Нұртастың анасы мақтанып қойды
фото: ашық дереккөз

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндеріне көмектесіп тұратынын, тіпті тамағын істеп, баласын бағатын бір-бір көмекші ұстап отырғанын айтып, мақтанды деп жазады Paryz.kz.

Бұл туралы ол "Опмай-опмай" бағдарламасында айтқан.  

Оның айтуынша, Қайрат пен келіні тату-тәтті бірге тұрып жатыр. Ал ел арасындағы "олар ажырасып кетті" деген әңгіме жай ғана қауесет.

Оқи отырыңыз: "Ажырасып кетті дейді...": Қайрат Нұртас пен әйелі желіде бірін-бірі өшіріп тастаған

 Қайрат пен Жұлдыз ажырасқан жоқ. Олар бірге. Егер ажырасып кетсе, бәріне бірден белгілі болар еді. Сондықтан бұл жалған қауесет. Ондай нәрсені жасыру мүмкін емес қой, – деді Айдарбекова.

Сондай-ақ ол келіндерінің ешқайсысымен бірге тұрмайтынын жеткізген. 

Тағы оқи отырыңыз: "Қайрат пен енесі қайда?": Туған күнімен тек анасы құттықтаған Жұлдыз Әбдікәрімова желіні тағы шулатты

Мен үнемі келіндеріме көмектесіп, жетпегенін беріп, қолдап жүремін. Келіндерім менің көрген қиындықтарымды көрмесе екен деймін. Сыпыртқы ұстатып, жұмысқа салған емеспін. Келін болып түскен уақыттан бастап бәрінің бала қарайтын, үй шаруасына көмектесетін көмекшілері бар. Өздерінің сүйікті тамағын жасап, шай құйып береді. Басқа жұмыстарға көмекшілері көмектеседі. Өзім келіндеріммен ұзақ уақыт тұрып көрген емеспін. Сондықтан сағынысып көрісеміз, – дейді Қайрат Нұртастың анасы.