Нұр-Сұлтанда №54 мектеп-лицейден өрт шықты

Оқушылар өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланған.

Нұр-Сұлтанда №54 мектеп-лицейден өрт шықты
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтандағы №54 мектеп-лицейде өрт шықты деп хабарлайды Paryz.kz, ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін 9 сағат 4 минутта Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаева, 4 мекен жайында орналасқан №54 мектеп-лицейінде өрт болып жатыр деген хабар түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде кіреберістегі 1 қабаттағы төбе жабындысының бықсып жанып жатқаны анықталды, - делінген хабарламада.



Өрт сөндірушелер жедел үйлесімді әрекетімен өрт 15 минут ішінде толығымен сөндірілді. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланған. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқу процесі жалғасуда. Өрт сөндіруге Өрт сөндіру қызметінен 8 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметінің 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.