Семейде ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті

Бұл оқиғаға әкімдіктен түсініктеме берілді.

Семейде ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті
фото: дереккөз

Семейдегі ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті. Көпірде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.  

Көпірінен өтіп бара жатқандар өткелдің бір бөлігінің құлағанына куә болды. Бұл кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада көпірдің қатты зақымданғанын көруге болады. 

Алайда қазір көпірде көлік қозғалысына тыйым салынған. Бұл оқиғаға әкімдіктен түсініктеме берілді.

Бүгін сағат 20.00 -де вагон көпірінің оң жақ тротуар бөлігінде жаяу жүргіншілер тақтасы сынып кетті. Қала әкімінің орынбасары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері, жол -патрульдік қызмет көпірге барып, олқылықтарды тексерді. Қазір көпірде қозғалыс тоқтатылды,- деп мәлімдеді қала әкімдігі желідегі парақшасында.