Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыздың денесі табылды

Еске салайық, 15 шілдеде қазақстандық қыз отбасымен бірге Қаракөл-Алакөл жайылымына келген.

Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыздың денесі табылды
фото: 24.kg

15 шілдеде Ыстық көлде жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандықтың мәйіті жексенбі, 1 тамызда Қаракөл шатқалынан табылды. ТЖМ қызметкерлері қазақстандықтың мәйітін судан алып шықты деп хабарлайды Paryz.kz, "Кактус медиа" басылымына сілтеме жасап. 

Құтқару қызметінің өкілдері іздестіру жұмысын жүргізіп жүрген видео Instagram парақшасында жарияланды. 

Еске салайық, 15 шілдеде қазақстандық қыз отбасымен бірге Қаракөл-Алакөл жайылымына келген. Бір кезде ата-анасы отын алып келуге кеткен. Ал қыздары қалған. Сол күннен бері оны ешкім көрмеген. 

16 шілдеден бастап Ақсу ауданы мен Қаракөлде 17 құтқарушы іздеу жұмыстарына шыққан. Артынша қосымша күш жіберілген, алайда нәтиже болмады.  

ТЖМ мәліметінше, олар Қырғызстанға Ресейден келген, үш адам Ресей азаматы, екеуі - қазақстандық.