Нұр-Сұлтанда 36 мотоцикл өртеніп кетті (ФОТО)

Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілген.

Нұр-Сұлтанда 36 мотоцикл өртеніп кетті (ФОТО)
фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында 36 мотоцикл жалынға оранды деп хабарлайды Paryz.kz, ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астаналық өрт сөндірушілер 8 маусым күні сағат 11:54-те Герцен көшесінде болған өртті сөндіруге барған.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 мотоцикл мен 1 қарда жүретін техниканың жанып жатқандығы анықталды", - деді ТЖМ өкілі.

Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілген.

Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.