Семейлік фермер 65 жастағы әйелді ұрып-соғып, малға салып қойған

Іс Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге көмек көрсетілуде...

Семейлік фермер 65 жастағы әйелді ұрып-соғып, малға салып қойған
фото: дереккөз

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында 65 жастағы Семей тұрғынына шаруа қожалығының басшысы мәжбүрлі түрде жұмыс істеткен. Ақпарат Семей Сити сайтында жарияланды, деп хабарлады Orda.kz.

"Әйелге үй шаруашылығындағы жұмыс ұсынылған. Келген кезде оны мал бағуға мәжбүрлеп қойған. Жәбірленуші фермадан қашуға тырысқан. Бірақ мал бағатын жер елді мекеннен 40 шақырым жерде орналасқандықтан, тез арада ұсталып, соққыға жығылып отырған. Іс Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша қозғалды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге көмек көрсетілуде", - деп хабарлады министрліктен.