СІМ Ресейдегі қазақтардың төбелесіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстауда...

СІМ Ресейдегі қазақтардың төбелесіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар арасында төбелес болған. Олардың арасында қазақтар бар. Бұл жайтқа қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Смадияровтың айтуынша, оқиға 23 наурыз күні сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде болған. Оның мәліметінше, вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес орын алған.

"Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, жұмысшылар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстауда", - дейді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде Мурманск өңірінде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен төбелескені туралы видеолар кеңінен тарап жатыр. Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар.