Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты

"...Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер", - деп жазды Гүлшара Әбдіқалықова. 

Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысындағы Жосалы кентінде газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz.

"Бүгін Қармақшы ауданы Жосалы кенті Рүстембеков көшесі, 29 мекен жайдағы жеке тұрғын үйде сағат 13:30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 ш.м. жер отқа оранды. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тапты: С.Өміртаева (2001ж.), Р.Айтмаханова (1981ж.), Н.Айтмаханова (2000ж.), С.Мырхиев (1999ж.). Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 жылы туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған", - деп жазды Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Facebook-тегі парақшасында.

Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 техника), прокуратура (3 қызметкер, 1 техника), БСМК (8 қызметкер және 3 техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 техника) жұмылдырылды.

"Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер" деп жазды Гүлшара Әбдіқалықова.