Нұр-Сұлтандағы мектепте сабақ кезінде төтенше жағдай болды (ВИДЕО)

Кейінірек оқушылар сыртқа шығарылып, оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер келген.

Нұр-Сұлтандағы мектепте сабақ кезінде төтенше жағдай болды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Елордадағы №73 лицейде алғашқы оқу күнінде төтенше жағдай болды, деп хабарлады paryz.kz.

Адамдарды эвакуациялауға мектептен шыққан түтін себеп болған. Оқиға куәгерлері екінші ауысым кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлері түтіннің иісін сезгенін айтқан. Кейінірек оқушылар сыртқа шығарылып, оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер келген.

"Сағат 15:19-да мектептен қоңырау түсті. Оқиға орнына 10 құтқарушы мен 2 техника жіберілді. Түтін шығуға қысқа тұйықталу себеп болған, ештеңе жанбаған", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі мектепке материалдық шығын келмегенін, кабельдер бүлінбегенін мәлімдеді. Жағдайға байланысты хаттама толтырылған. Тексерістен кейін барлық оқушы мектепке қайта кірген. Мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.