Қостанай облысында жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Ведомство оқиғаның егжей-тегжейі мен қосымша ақпарат кейінірек берілетінін хабарлады.

Қостанай – Әулиекөл тасжолында екі джип көлігі соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат бүгін сағат 16.30-да Қостанайдан Әулиекөл ауданына апаратын тасжолдың 69-шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған.

"Екі джип автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жол апатынан 6 адам қаза тапқаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Ведомство оқиғаның егжей-тегжейі мен қосымша ақпарат кейінірек берілетінін хабарлады.