Алматыдағы бір пәтерде мас жігіт 3 рөмкелесін өлтіріп кеткен

Күдікті - бұған дейін бұзақылық үшін істі болған Ескелді ауданының 26 жастағы тұрғыны.

Алматыдағы бір пәтерде мас жігіт 3 рөмкелесін өлтіріп кеткен
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының полицейлері 3 адамды өлтіру қылмысын ізін суытпай ашты, деп хабарлады paryz.kz.

Полицияға тұрғын үй пәтерлерінің бірінде зорлықпен өлтірілген 3 адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен. Анықталғандай, көз жұмғандардың барлығы ішімдікке әуес болған. Қылмысты жасады деген күдікпен олардың танысы ұсталды. Сол күні барлығы қосылып, арақ ішкен көрінеді.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Ал қылмыс құралын лақтырып жіберген. Бірақ полицейлер оны бір тәулік ішінде іздеп тапты. Ол қылмысын мойындады.

Күдікті - бұған дейін бұзақылық үшін істі болған Ескелді ауданының 26 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта уақытша ұстау абақтысына қамалды. Айғақ зат тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.