Қызметшісін зорлаған: Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директорына қатысты іс қозғалды

Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке алынды. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады.

Қызметшісін зорлаған: Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директорына қатысты іс қозғалды
Фото: Polisia.kz

Осы мәселе бойынша Kazinform тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментіне сауал жолдады.

«Сіздің сауалыңызға зорлау дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Күдіктінің кім екені анықталды. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп жауап берді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Желідегі жазбада оқиға маусымның 20 мен 21 аралығында түнде Көкшетау қаласындағы көңіл көтеру орталығында болған.