Алматы облысы полициясының мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.
«Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әр түрлі дене жарақаттымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ПД.