02.07.2024, 16:02

Атырауда жігіт 6-қабаттан секіріп кетті

Фото: azh.kz

Атырауда тұрғын 6-қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 2 шілдеде сағат 1.00 шамасында болған.

30 жастағы жігіт көпқабатты үйдің 6-қабатынан секірді. Алған жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, – деп жазылған хабарламада.

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.