Атырау облысында 3 жасар егіздер зорланды

Атырау облысында 3 жасар егіздер зорланды, деп хабарлады azh.kz.

Атырау облысында  3 жасар егіздер зорланды
Фото: azattyg. ruhy

Ұл мен қызды өз әкесі зорлаған. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр.

#НеМолчиKZ қорының мәліметінше, балалар экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) арқылы дүниеге келген. Бұл уақытта егіздердің анасы 43 жаста болған.

Әйелдің айтуынша, ол үнемі жұмыста болған. Балаларға зорлық-зомбылық ол вахтада жүрген кезде жасалған.

Ол күндері мүлде ештеңе байқамадым. Бұл менің кінәм екенін білемін. Бірақ қылмыскердің жазасын алғанын қалаймын, - деді ана. 

Әйел егіздердің жыныс аймағындағы жарақаттарды көрген. Содан кейін күдік пайда болған.

Қазір #НеМолчиKZ ұйымы бұл істі жан-жақты тексеруді сұрап, Атырау облысының прокуратурасы мен қалалық полиция департаментінің басшылығына шағымданған.

«Ақ Жайық» басылымына Атырау облысының ПД бұл факті бойынша 2023 жылдың қарашасынан бастап қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір қосымша кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес құқықтық шешім қабылданады.