8 адам қаза тапты: Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды

Бүгін, 3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматы тізгіндеген Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. 

8 адам қаза тапты: Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды
Фото: видеодан скриншот

Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Олардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Полиция департаменті жүргізушілерді көліктің жай-күйін бақылауда ұстауға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.