5 адам қаза тапты: Қарағандыдағы айналма жолда қайғылы жағдай болды

Қарағандыдағы айналма жолда болған жол апатынан 5 адам көз жұмды. Полиция көліктер бетпе-бет соқтығысқанын хабарлады.

5 адам қаза тапты: Қарағандыдағы айналма жолда қайғылы жағдай болды
фото: inform.kz

Оқиға солтүстік-шығыстағы айналма жолда болған. Полицияның хабарлауынша, Mercedes-Benz жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол апатынан 5 адам көз жұмды.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерге мұқият болуды және жол ережелерін бұзбауды ескертті», – деді Қарағанды қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.