Орал қаласы әкімдігінің ғимаратын су басты

Бүгін таңертеңнен бастап Орал қаласында нөсер жаңбыр құйып тұр. Қолайсыз ауа райы салдарынан бүкіл қала шалшық суға толып, қалалық әкімдіктің ғимаратын су басқан. Бұл туралы «Мой город» хабарлады.

Орал қаласы әкімдігінің ғимаратын су басты
фото: әлеуметтік желіден

Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын тағы 2 күнге созылуы мүмкін.

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істей бастағанмен, бәріне бірдей үлгермей жатыр.

Табиға апаттан қалалық әкімдіктің ең төменгі қабаты – жертөледе орналасқан жер қатынастары бөлімі зардап шеккен. Қазір мұндағы су сорылып жатыр, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қала тұрғындары да көмекке жүгініп жатыр. Бірнеше күн ішінде 249 мекенжайдан 600-ге жуық шақырту түскен. Олар ауласына жеткен қызыл судың үйге кіріп кетуінен қорқады.