Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды
фото: ТЖМ

Бүгін түнде Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Өрт алаңы – 220 шаршы метр. Өрттің салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы мерт болды.

 Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде жалынды жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 техника жұмыс істеді.

ТЖМ тұрғындардан электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.