«Екатеринбург-Алматы» тасжолында болған жол апатынан 3 адам көз жұмды

Алматы облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 2460-шақырымында жол апаты болды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясы.

«Екатеринбург-Алматы» тасжолында болған жол апатынан 3 адам көз жұмды
Фото: inbusiness.kz

Қайғылы оқиға 23 наурызда сағат 14:45 шамасында болды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, «Daewoo» көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

«Осы оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды», - делінген хабарламада.