Астанада Highvill-ден өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін таңғы сағат 08:50-де Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесі №9 мекенжайы бойынша орналасқан Highvill тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабар алды.  

Астанада Highvill-ден өрт шықты (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/kris.p.original/

Өрт сөндірушілер тұрғын үйге барғанда 20 шаршы метр аумақта фитнес-клубтың бу бөлмесі ағаш қаптамасының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндірушелерге дейін фитнес-клубтан 40-қа жуық адам өз бетімен шыққан.

Өрт сағат 09:26-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.