Павлодарда 18 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Зардап шегуші аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер бойжеткеннің жағдайы ауыр деп бағалады.

Павлодарда 18 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Фото: Виктор Федюнин/ агентство Kazinform

Өңірлік жедел жәрдем стансасының мәліметінше, оқиға бүгін түс мезгілінде болған.

«Павлодар қаласы Генерал Дүйсенов көшесінің бойындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Медициналық бригада төрт минуттың ішінде жетті», - деп хабарлады жедел жәрдем қызметі.

№1 қалалық ауруханадағылар қыздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Қазіргі сәтте 18 жасар бойжеткен жансақтау бөліміне жатқызылған. Жамбас сүйектері сынған және басқа да ауыр жарақаттар алған. Зардап шегушіге ота жасалуы мүмкін.