Щучьеде жолдың бойынан 27 жастағы әйелдің денесі табылды

Щучье қаласында жолдың бойында 27 жастағы әйелдің денесі табылды.

Щучьеде жолдың бойынан 27 жастағы әйелдің денесі табылды
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада Щучье қаласының «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы бағытындағы жолдың бойындағы шлагбаум маңында әйел адамның денесі табылғаны айтылады.

«Биылғы 11 наурызда Щучье қаласында 1997 жылы туған әйелдің денесі табылды. Мәйітті алғашқы тексеру кезінде қандай да бір дене жарақаты анықталған жоқ, сот-медициналық сараптама тағайындалды, сараптама қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалды шешім қабылданатын болады. Алдын ала анықталғандай, өлімге денесінің қатты тоңуы себеп болған», - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.