Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт табылмай жатыр

Әкесі Рафхат Әйтекешов кезінде Наурызды психологиялық ауруханаға жатқызғысы келгенін, бірақ оны қабылдамағанын айтады.

Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт табылмай жатыр
фото: дереккөз

Атырауда 5 ақпанда із-түзсіз жоғалып кеткен қала маңындағы Талғайран ауылынан келген 29 жастағы Наурыз Әйтекешовті іздеу әлі де жалғасуда. Онда 50-ге жуық еріктілер, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істейді, деп хабарлады paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Наурыз Әйтекешов – Қарабатан станциясынан Талғайранға көшіп келіп, осы жерде үй салған отбасындағы 9 баланың төртіншісі. Бірнеше жыл бұрын ол Атырауда жұмыс істеген. Бір түнде жұмыстан үйге оралғанда, есінен танып қалып, содан кейін оның психикасына зақым келген.

"Біз оны емдеуге тырыстық, барлық дәрігерлер мен емшілерге қаралдық. Сәтсіз. Бірақ мінезі байсалды, ол далаға сирек шығатын. 5 ақпанда түстен кейін ол үйден шықты. Оны ешкім байқамады. Содан бері біз оны көрмедік. Полицияға жүгінуге тура келді. Әлі іздейміз", - дейді анасы Қарлығаш Махамбетова.

Журналистің "Оны біреулердің ренжітуі мүмкін бе? Бұрын да үйден кетіп қалушы ма еді?" деген сұрағына:

 "Иә, кетіп  қалған. Бірақ біз оны бірден таптық, қазіргідей ұзақ уақытқа жоғалмады. Сол күні үйде кішкентай балалар болды. Олар шуылдасқан соң, шығып кетуі де мүмкін. Тезірек аман-сен табылса екен", - деді анасы. 

Әкесі Рафхат Әйтекешов кезінде Наурызды психологиялық ауруханаға жатқызғысы келгенін, бірақ оны қабылдамағанын айтады. Оның GPS білезігі де болған. Бірақ жоғалған күні оны алып тастапты.

"Біз барлық туыстарымызға қоңырау шалдық. Ол ешкімге кірмепті" - дейді әкесі.

ТЖД Жедел-құтқару жасағының бөлім бастығы Самат Құмашев 8 ақпанда іздеуге әуеден МИ-8 тікұшағы қосылғанын хабарлады. Сонымен қатар, іздеу иттері қолданылуда.

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.