Қызылордада жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды.

Олар бір-бірін қуалап жүріп соққыға жыққандарымен қоймай, оқ атқан.

Тұрғындардың бірі оқиғаны ұялы телефонға түсіріп,полицияға хабар берген көрінеді.

Салдарынан 10-сынып оқушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал 2 кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды.

Ресей федералдық полициясымен «бұзақылық» және «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.