Теміртауда жедел-жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған қаскөй ұсталды

Полиция қызметкерлері Теміртауда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Теміртауда жедел-жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған қаскөй ұсталды
фото: Артем Чурсинов

Мәліметтерге сүйенсек, екі күдікті де қала тұрғын екені белгілі болды. Оқиға 26 ақпан күні түнгі сағат 01:00 шамасында көпқабатты үйдің ауласында болған. Кезекті шақыртуға келген жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан.

Белгісіз біреулер медициналық қызметкерлерін алып келген 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтірген. Салдарынан жәбірленуші ауруханаға жатпай, медициналық мекемеге жүгінді. Полиция қызметкерлері 25 және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, шабуыл себебі анықталып жатыр.