Белгілі кәсіпкер жол апатынан қаза тапты

Қарағанды ​​облысында танымал кәсіпкер, Петр Васильченко жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды «Вечерний Караганда». 

Белгілі кәсіпкер жол апатынан қаза тапты
Фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға 23 ақпанда Қарағанды-Балқаш тас жолының Ақшатау ауылының маңында болғаны хабарланды.

Петр Васильченко жүргізіп келе жатқан Mercedes Газельмен соқтығысқан. Мерседес көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Оның әйелі ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Петр Васильченко Қарағандыдағы нан пісіретін «Орион» наубайханасының иесі.

Сонымен қатар, 2022 жылдың мамыр айында ол Ерлан Нығматулиннен "Балқаш Нан" нан зауытын сатып алған.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын қосты. Тиісті сараптамалар тағайындалды.